БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыМақтаарал  ауданының     «Жансая-Нұрсая»  бөбекжай  балабақшасы   жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен — жайы)ҚР, 160514, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Ж.Нұрлыбаев ауылдық әкімшілігі,Ырысты елдімекені,Айжарық көшесі,№28үй
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт)Ұялы телефон  87479874401 
электронды поштасы  zhansaya_nursayabb@mail.ru 
Ресми сайт https://zhansaia-nursaia-edu.kz/
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)Есенбаева Гулжан Намазовна «Жансая-Нұрсая»» бөбекжай  балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  құрылтайшысының шешімі бойынша 2021 жылғы 05 қаңтардағы № 09-02-ж/қ бұйрықпен тағайындалған.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден 31қаңтар 2012  жылы берілген. БИН: 120140021931
Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы толон қайта  2022жылғы 26желтоқсанында № KZ67RVK00044192 хабарлама берілген.  
7Құрылған жылы2012 жыл
8Типтік ғимаратЕкі қабатты типтік үлгіде
9Топтар саны2 топ
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер:  І  ауысым
13Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс-әрекетінің ұзақтығы – минутпенОртаңғы топ- күні бойы Ересек топ – күні  бойы Кіші топ- күні бойы
14МДҰ – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны  50 балаға арналған  0.9.08.2019 жылы 100 балаға №21-39-12-3-54 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

Балабақша  ғимараты  1 қабатты типтік жобада  заман талабына сай салынған. Балабақша 50 орындық, 3 топ жұмыс жасайды. Әр топ  -10-20-20 балаға лайықталған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін.   Үш  топ жұмыс жасайды. Ортаңғы топтар: «Балапан», ересек топтар «Аққу»», Кіші топ «»Қарлығаш». Тәрбиеленушілер мемлекеттік   тілде тәрбиеленуде.

Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, жуынып шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа меңгеруші кабинеті, әдіскер кабинеті, психолог кабинеті, мед кабинет, асхана ,қойма, кір жуу блогы бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері  автономды.Су орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл  түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. 

Балабақшада медициналық  кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара  бөлмесі,  оқшаулау  бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман  жабдықтармен  жабдықталған.   

Балабақша ауласы көгалдандырылған, шырша ағаштары, қара ағаш  т.б. жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын  алаңында әр топтың ауласы бөлек ,  балалардың жас ерекшелігі бойынша түрлі ойнайтын ойыншықтар орнатылған. Сонымен бірге әр аулаға бала отырып демалатын  саялы көлеңкелі ойын алаңдары қойылған. Гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған   алаңы бар.

Балабақшаның арнайы бөлмелері:

— Меңгеруші кабинеті;

— Теледидар – 3 дана;

— Компьютер – 1 дана;

— Ноутбук — 3 дана;

— Түсті принтер-1 дана.

— Принтер – 1 дана

Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық»,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш»,  «Ойыншықтар сөресі», «Кітаптар сөресі», «Табиғат бұрышы»,  дамытушы   дағдылар  бойынша  орталықтар жасақталған.